Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ортақ міндет

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі – ҚР Президенті Жарлығына сәйкес былтыр бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы.

Бұл игі бастама бүгінгі таңда жүйелі жұмыстармен жалғасын тауып келеді. Қала аумағында, әсіресе ықшам аудандарда заңсыз орналастырылған нысандарды жою бағытындағы кешенді шаралардың өтуі – соның айқын көрінісі. Қаланың көркін кетіріп, тұрғындардың емін-еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін заңсыз гараждар мен ескі вагондар, сондай-ақ жеке тұлғалардың рұқсатсыз қойған түрлі мүліктері көптен бері өзекті мәселеге айналғаны жасырын емес. Бірі уақытша деп орнатқан нысанын жылдар бойы қозғамай, қоғамдық аумақты жеке меншігіндей пайдаланса, енді бірі қала тазалығы мен қауіпсіздігін екінші кезекке ысырып келгені белгілі. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында аудан әкімінің нақты тапсырмасына сәйкес, «Жылыой тазалық» мекемесі жуырда бірнеше ықшам аудан аумағында заңсыз орналастырылған нысандарға тексеріс жұмыстарын жүргізіп, олардың көзін жойды. Рейд нәтижесінде №1 ықшам ауданнан 1 заңсыз гараж бен №5 ықшам ауданнан 3 заңсыз гараж алынып, қоғамдық аумақтар босатылды. Бұл туралы «Жылыой тазалық» мекемесінің басшысы Ақансері Нұрлыбайұлы:

  • Қала тазалығы коммуналдық мекемелердің ғана емес, әр тұрғынның ортақ міндеті. Бүгін басталған бұл жұмыстар ертеңгі ұрпаққа жайлы, қауіпсіз әрі көрікті қала қалдыру жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Сырт көзге қарапайым көрінетін бұл әрекеттердің астарында үлкен мән жатыр. Әр алынған гараждың артында тазаланған аула, кеңіген жол, қауіпсіз ойын алаңы тұр. Немесе ол босаған орынды жасыл желекке айналдыруға да болады. Бұл ретте қаланың бір адамның емес, барша тұрғынның ортақ үйі екенін ескерткім келеді. Ал ортақ үйдің тазалығы мен тәртібі әр азаматтың жауапкершілігінен басталады,-дейді өз сөзінде.
  •  Бүгінде қала тұрғындарына заңсыз нысандар мен жеке мүліктерді қоғамдық аумақтарға орналастыруға қатаң тыйым салынады. Осыған сәйкес, аудан аумағында рейдтік шаралар жалғасып жатқанын хабарлай отырып, жауапты мекемелер тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, белгіленбеген жерлерге гараж, вагон немесе өзге де мүліктерді қоймауға шақырады.
  • Д.ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT