Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еңбек - елдің тірегі, жұмысшы маман - қоғамның қозғаушы күші

Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамына көрсетілген үлкен құрметтің айғағы. Бұл бастама маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген жұмысшы мамандардың қоғамдағы рөлін айқындай түседі.

Теміржол саласы – жоғары жауапкершілікті, тәртіп пен төзімділікті талап ететін маңызды сала. Күн сайын үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етіп жүрген теміржолшылар ел экономикасының тұрақтылығы мен халық қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етеді. Осы салада қызмет ету – үлкен сенім мен жауапкершілік. Жұмысшы мамандықтар жылы жастарды еңбекке баулып, кәсіби маман ретінде қалыптасуына жол ашады. Қазіргі таңда білікті жұмысшы мамандарға деген сұраныс жоғары, ал адал еңбек пен кәсібіне деген сүйіспеншілік кез келген маманның басты құндылығы болып қала береді. Бұл жыл жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер беріп, еңбекке деген құрметті арттырады деп сенім білдіріледі. Болашақта өз ісінің шебері болып, ел игілігі үшін қызмет ету – әрбір жас жұмысшының мақсаты.

Жантілек ЖҰМАБАЕВ,

 жас теміржолшы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT