Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ұлттық құрылтай: бүгін жұмыс секцияларының отырысы басталады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секцияларының отырысы басталады. 

Атап айтқанда, 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді. Отырысқа Мемлекет басшысы, танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Ал 19 қаңтар күні 4 жұмыс секциясының отырысы өтеді:
– «Азаматтық қоғам»;
– «Экономикалық даму»;
– «Әлеуметтік-мәдени даму»;
– «Білім және ғылым».

Ұлттық құрылтай мүшесі Серік Ақылбайдың айтуынша, Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық қарқыны өте жақсы.

    - Бұған дейін өткен төрт құрылтайда көтерілген тақырыптар бойынша бірқатар заң қабылданып, біраз мәселе шешілді. Ал 20 қаңтарда өтетін бесінші отырыста Парламентті реформалау тақырыбы қаралады деп ойлаймын. Құрылтай аясында құқықтық ағарту мәселесі туралы сөйлеуім мүмкін. Жалпы биылғы отырыс жылдағыдан ертерек өткелі жатыр және оған қызу дайындық жүріп жатыр, - деді С. Ақылбай.

Ал Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Сергей Пономаревтің пайымынша, Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды алаңына айналды. Оның аясында қала мен ауыл тұрғындарын нақты алаңдататын тақырыптар көтеріледі.

    - Ұлттық құрылтайда әркімнің ашық әрі нақты сөйлеуіне мүмкіндігі бар сенім кеңістігі қалыптасты. Онда түрлі тақырыптар көтеріледі, яғни сыртқы және ішкі саясат, мемлекеттілік, коммуналдық бағыт, сондай-ақ басқа да кез келген мәселе қаралады, - деді депутат.

Осы орайда ол талқыланған мәселелерге қатысты маңызды шешімдер жасалып, заң жобалары әзірленіп жатқанын еске салды. Құрылтай мүшелері көтерген өзекті тақырыптардың барлығы назардан тыс қалмайды.

    - Бесінші отырыста жасанды интеллект және онымен байланысты мәселелер, цифрландыру туралы сөз қозғалады деп санаймын. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді жаңа тәсілдермен, тіпті стандартты емес әдістермен үйрену туралы ұсыныстар болады деп ойлаймын. Әрине, қоршаған ортаны қорғау мәселесі де назардан тыс қалмайды... Атап айтқанда, жұмыс өте ауқымды. Парламенттік реформа тақырыбын талқылайтынымызға сенімдімін. Жалпы, Құрылтай мүшелелерінің көкейінде жүрген осы мәселелер жан-жақты қаралады деген ойдамын, - деді С. Пономарев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі.

Еске салайық, 2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда қозғаған негізгі жайттармен сілтемеге өтіп танысуға болады.

Осыған дейін Ұлттық құрылтай аясында қандай заңдар қабылданғанын жазған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT