Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕРЛЕСІМІЗ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Таяуда ғана Үндістан елінің Нью-Дели қаласында кір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтті. Бұл сында ел намысын қорғаған Жамбыл ауылдық округіне қарасты  Қаракөл орта мектебінің мұғалімі Ришат Ғалиахметов +95 келіде сынға түсіп, әлем чепионы атанды.

rishatӘлемнің 13 елінен 300-ге жуық спортшы қатысқан додада Ришат 24 келілік екі кір тасын өзіне берілген 10 минутта 60 рет көтеріп, қарсыластарын шаң қаптырды. Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, телефон арқылы тілдескенімізде:
 – Баршаға белгілі биыл Ақмола облысы Щучинск қаласында кір тасын көтеруден Азия чемпионаты өтті. Сонда  чемпион  атанғаннан кейін әлемдік додаға дайындықты бастап кеттім. Басты мақсатым – қалайда жеңімпаз атану болды. Аллаға шүкір, мақсат орындалды. Қуаныштымын. Жарыс өте тартысты өтті. Мен 10 минут ішінде екі 24 келілік кір тасын 87 рет көтердім. Бірақ, төрешілер әрбір қимылға жіті қадағалап, кейбір көтергендерімді санамай тастады. Қорытындысында хаттамаға 60 рет көтергенім енгізілді. Менің салмағымда екінші орынды Ресей, үшінші орынды Латвия елінің спортшысы иеленді.  Бұл жеңісімді еліме, туған жеріме арнаймын, - деп ағынан жарылды.  
Бала кезінен кір тасын көтерумен айналысатын Ришат қазіргі таңда Қаракөл орта мектебінде дене тәрбиесінен сабақ беріп, ауыл балаларын кір тасын көтеруге баулып жүр. Білікті бапкерден тәлімін алған шәкірттері де облыстық, республикалық жарыстарда жүлдегер қатарынан көрініп келеді. Ендеше, алақандай ауылдан шығып, әлем чемпионы атанған жерлесіміздің жеңісі кейінгі шәкірттеріне де жұғысты болсын демекпіз.
Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521