Жақында «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасындағы «Айгөлек» ортаңғы топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты эстафеталық жарыс болып өтті.
7 бөлімнен тұрған спорттық сайыста бүлдіршіндер мен ата-аналар «Жалын» және «Шымыр» тобы болып жарысты. Нәтижесінде, спорттық ойындарда жылдамдық пен ептілік бір арнаға тоғысып, ата-аналардың ұйымшылдығы айқын көрініп, «Жалын» тобы жеңіске жетті. Осы орайда, «Айгөлек» ортаңғы топ тәрбиешісі Тоғжан Исатаеваның еңбегі орасан зор екенін айта кеткен абзал.
Арайлым САРИНА,
ата-ана.