Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жүлдегерлерді күтіп алды

Осыдан бір апта бұрын Астана қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті.

Жарысқа қатысқан жерлестеріміз – Наурызбек Майлашев 74 келіде қола, Нұрболат Ізімғалиев 66 келіде күміс жүлдегер атанған еді. Құрлықтық додада жүлдегер атанған қос балуан өткен аптаның бейсенбісінде бапкері Айбек Серғазиевпен бірге туған ауылдарына ат басын бұрғанда оларды аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мәлік Сүлейменов бастаған топ ауыл сыртынан салтанатты түрде күтіп алды.

Алдымен жүлдегерлерге қазақы дәстүрмен ақ ұсынылып, шашу шашылды. Содан кейін жаттықтырушылар мен спортшылар және жүлдегерлердің туыстары қос балуанды жеңісімен құттықтап, тілек айтып, естелік суретке түсті. Салтанатты қарсы алу шарасы одан әрі балуандардың шаңырағында жайылған дастарқанға ұласты. Азия біріншілігінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 8 қыркүйек күні өтетінін еске саламыз.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT