Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұстаздар жеңіске жетті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында Миялы спорт кешенінде мекеме қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.

Оған әр команда 3 ер, 3 әйел болып, бөлім, мекемелер құрамына қарай топтастырылды.

Ойынның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Жеребе арқылы өз кезектерін анықтаған командалар бірден тартысты ойынға кірісті. Қорытындысында, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі І орынды иеленсе, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы ІІ орынға, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі ІІІ орынға ие болды. Ал, Ақнұр Аязбайқызы, Шынар Ихсанова, Гүлдана Қабдолова, Сандуғаш Мергенғалиевалар «Үздік ойыншы» атанды.

Гүлмира МАҚСОТ.

(Сурет Қызылқоға ауданы әкімдігінің Фейсбук парақшасынан алынды)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521