Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

360 ҰПАЙМЕН І ОРЫН

    Жақында Атырау қаласында ұлттық ләңгі ойынынан облыстық жарыс өтті. оған Атырау қаласы мен Қызылқоға, Индер, Мақат аудандарының спортшылары қатысты. 
    Бұл сайыста жерлестер  жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп, 2009-2012 жылы туған балалар арасында ләңгі тебуден 1 минутта 40 ұпай жинаған Болатбек Қуанұлы І орынды жеңіп алды. Ал, 2005-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы сында 1 минутта 55 ұпай жинаған Данабек Сәттібаев жеңімпаз деп танылса, Бекзат Сабыр ІІІ орынды иеленді. Айта кетсек, жарысқа қатысқан 2005-2008 жылы туған жасөспірімдерге белгілі кәсіпкер Октябрь Нұрадинов спорттық киім алып беріп, демеушілік көрсетті. Ересектер арасында өткен сайыста сынға түскен жерлесіміз Шерхан Еңсегенұлы  ешкімге дес бермей белгіленген уақытта 360 ұпай жинап, І орынды жеңіп алса,  ардагер спортшылар арасында Қуан Ағашин да 61 ұпаймен І орынды иеленді.  
Бауыржан САҚТАСИНОВ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521