Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағыздық аяқдопшылар кубок иегері

Өткен аптаның жұмасы күні Миялы спорт кешенінде аудандық «Жас Отан» жастар қанатының кубогін сарапқа салған ұлдар арасында кіші аяқдоптан, қыздар арасында волейболдан жарыс өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов елдің ертеңі жалынды да, салауатты жастар екенін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан кейін тартысты дода басталып, алаңға алдымен аяқдопшылар шықты. Бұл додада сағыздық аяқдопшылар қарсылас шақ келтірмей бірінші орынмен қоса «Жас Отан» жастар қанатының кубогіне ие болса, екінші орынды Миялы, үшінші орынды Көздіғара ауылының құрамалары жеңіп алды. Кіші аяқдоптан өткен доданың «Үздік ойыншысы» болып сағыздық Олжас Бегалы танылды. Ал, қыздар арасындағы волейбол сынында миялылық қыздар дес бермей бірінші орын мен кубокті жеңіп алса, Жангелдин құрамасы екінші, «Миялы-2» командасы үшінші орынға ие болды. Жангелдиндік Сара Абатжанқызы мен миялылық Ақбота Жұмабай «Үздік ойыншы» атанып, арнайы сыйлықпен марапатталды.

Дулат БЕРІК.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521