Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бес алтын иеленіп қайтты

Жақында Атырау қаласында қазақтың елі мен жерін қорғаған даңқты баһадүр Ерқосайұлы Пыштанай-Ерсары батырдың жүлдесі үшін ұйымдастырылған қазақ күресінен 2004-2005, 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Батыс аймақтық ашық турнирде қызылқоғалық балуандар жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Ақтөбе облысынан екі, Батыс Қазақстан облысынан екі, Маңғыстау облысынан бір және Атырау облысынан алты команда қатысқан байрақты бәсекеде жерлестеріміз бес алтын, үш күміс және екі қола медаль иеленді. Атап айтқанда, 2004-2005 жылы туылғандар арасында 38 келі салмақта Қайрат Мейрам (Миялы), 50 келі салмақта Өміржан Байболсынов (Қоныстану) І орынды иеленсе, Ақжол Жәрдемғалиев (55 келі, Жангелдин) екінші орынды, Ернар Еламанұлы (32 келі, Қоныстану) үшінші орынды еншіледі. Ал, 2006-2007 жылы дүниеге келгендер арасында Көздіғара ауылдық округінің балуаны Әділхан Исатай (42 келі) ІІІ орынға қол жеткізсе, тасшағылдық Фархат Әлібек (42 келі) пен қоныстанулық Атабек Ахмет (38 келі) ІІ орынды иеленді. Бұл белдесулерде 24 келі салмақта сынға түскен жасқайраттық Нұрберген Қуанышкерей, 26 келіде қоныстанулық Азамат Дәулетбай, 35 келіде миялылық Асылхан Марат қарсыластарын шақ келтірмей, жеңіс тұғырына көтерілді. Сөйтіп, жас балуандар байрақты бәсекеде аудан намысын қолдан бермеді. Айта кетсек, шара барысында Миялы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мәлік Сүлейменов «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медалімен марапатталды.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521