Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қапшағайдан қос жүлде

Жақында Қапшағай қаласында 23 жасқа дейінгі ерлер және әйелдер арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Еліміздің түкпір-түкпір жерінен кіл мықтыларды жинаған бұл додаға біздің жерлестеріміз де қатысып, аудан абыройын асқақтатып қайтты. Атап айтқанда, 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Бекет Жүніс алғашқы белдесулерін сәтті бастап, тек ақтық сында ғана ұтылып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, 82 келіде белдескен Нұрбек Егінбайұлы жартылай финалда қарсыласына жол беріп, үшінші орын үшін болған белдесуде алматылық палуаннан басым түсіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Ендеше, байрақты додада аудан намысын абыроймен қорғаған қос палуанға жеңіс құтты болсын демекпіз.

Дулат МӘТЖАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521