Атырау қаласындағы «Концорциум «ISKER» ЖШС тағы да Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан ашылған баскетбол үйірмесінде тәлім алып жатқан жас баскетболшыларға спорт формалары мен баскетбол доптарын алып беріп, демеушілік көрсетті.
Баскетбол үйірмесінің жаттықтырушысы Аманқұл Бижанның айтуынша, «Концорциум «ISKER» ЖШС облыс бойынша кенже қалып отырған баскетбол спортын дамытуды қолға алған бірден бір компания. Спорттық базаны нығайтса жас баскетболшылардың да ойынға деген құлшынысы артары сөзсіз. Бұл ретте, облыстық баскетболдан мектеп лигасының құрамасы сапында жарыстарға қатысып жүрген үйірме оқушылары білікті мамандардан кеңес алып, тәжірибелі ойыншылардан білмегенін үйренуде. Дүбірлі додаларға қатыса жүріп, тәжірибе жинақтайтыны сөзсіз.
Ендеше, жыл аралатпай мектеп оқушыларын спорттық киімдермен, доптармен қамтамасыз етіп келе жатқан «Концорциум «ISKER» ЖШС-нің сенімінен шығып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілекшіміз.
Бауыржан САҚТАСИНОВ