Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық құтқарушы – Азия Чемпионатының чемпионы!

Ағымдағы жылғы мамырдың екінші онкүндігінде Қарағанды қаласында Азия Чемпионатының жарыстары өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД  имидждік жұмыс және сыртқа коммуникациялар тобы мәлім етті. Жасөспірімдерден ардагерлерге дейінгі аралықта  Чемпионатқа 5 мемлекеттен 400-ге жуық спорт шеберлері қатысты. Чемпионат барлық салмақ дәрежесі бойынша өтті.  Екі күнге созылған жарыста спортшылар күштік спорт түрлері бойынша жарысқа түсті. Тартысқа толы бәсекеде Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданы ТЖБ  №7 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Бралин Ерсейт Нурмухамбетұлы  пауэрлифтинг бойынша 100 келі салмақ санатында қатысып, 760 келі нәтижесінде чемпион атанды.  

Ерсейт үшін пауэрлифтинг - бұл спорт қана емес, сонымен қатар салауатты өмір салты. 

Амандық АБДОЛ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT