Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еңбек адамы жаңа Конституция жобасында көрініс тапты

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақмола облысындағы керамикалық кірпіш өндіретін зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. «ENKI» ЖШС алаңында жаңа Конституция жобасын талқылауға кәсіпорынның 100-ге жуық қызметкері жиналды.

Өндірушілер атап өткендей, олар үшін еңбек қауіпсіздігі, тұрақты жұмыс орны және еңбектің әділ бағалануы негізгі басымдық болып қала береді. Ұжым алдында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты, коалиция мүшесі Айдарбек Қожаназаров Конституцияның жаңа редакциясында қауіпсіз еңбек жағдайы, лайықты жалақы және әлеуметтік қорғау құқығы заңға сәйкес бекітілгеніне назар аударды. Кәсіпорын қызметкерлері мұндай тұжырым мемлекеттің жауапкершілігін арттырып, еңбек адамына қосымша сенімділік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар жиында технологиялық жаңғыру және кадрлардың кәсіби тұрғыда өсуі тақырыбында әңгіме өрбіді. Жаңа Конституция жобасында мемлекет қызметінің қағидаттарының ішінде прогресс пен білім бағдары бекітілген. Өнеркәсіп ұжымы үшін бұл жаңғыртуға, жаңа технологияларды енгізуге және білікті мамандар даярлауға қолдауды білдіреді.

«ENKI» ЖШС ұжымы әлеуметтік кепілдіктерді күшейтетін әрі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын құжат ретінде жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын атап өтті. 15 наурызда кәсіпорын қызметкерлері референдумға қатысып, жаңа Конституцияға дауыс беруге ниетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT