Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Бұл – еліміздің жаңа Конституциясының жобасында 27-бабымен кепілдік берілген әрбір азаматтың негізгі құқығы.
Ол адамның өз қабілетіне қарай мамандық, қызмет және кәсіп түрін еркін таңдауына, мәжбүрлі еңбекке тыйым салынуына және қауіпсіз, әділ еңбек жағдайларына ие болуына кепілдік береді. Бұл құқық әркімнің өз әлеуетін жүзеге асыруына және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз болуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ құжатта адам құқықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелеріне басымдық берілгені көңіл қуантады. Бұл өзгерістер халықтың сұранысына жауап беріп, қоғамдағы сенімді арттыруға ықпал етеді.
Аққаймақ МӘМБЕТҚАЛИЕВА,
«Өрімтал» балабақшасының меңгерушісі




