Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АМАНБЕК ҚАРСЫЛАС ШАҚ КЕЛТІРМЕДІ

Таяуда, Ақмола облысының Көкшетау қаласында белбеу күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ден астам спортшы қатысты. Осы сайыста  облыс намысын қорғаған жерлесіміз Аманбек Аруов 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, аталмыш спорт түрінің Алыш  бөлімінде кездескен қарсыластарының бәрін айқын басымдылықпен ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. Сөйтіп,  аудан, облыс абыройын асқақтатқан Аманбек алдағы уақытта өтетін  Әлем, Азия чемпионаттары мен  Дүниежүзілік көшпенділер және Азия ойындарына жолдама алды. Ендеше,  "Жеңістен жеңіске жете бер,Аманбек" деп тілек білдіреміз.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT