Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Жұмысшы мамандықтар" жылы: Атырауда студент  курс оқып, жұмысқа орналасты

  С. Өтебаев атындағы  Атырау мұнай және газ университетінің бірінші курс студенті Петр Курасов "Электромонтаждаушы" курсы бойынша оқудан өтіп, ірі мұнай компаниясына қыметке орналасты. 

2022 жылдың шілдесінде Петр Курасов ТШО ұйымдастырған "Электромонтажник" курсы бойынша тегін оқуға конкурстық іріктеуден өтті. Барлық оқу процесі "Apec Petrotechnic" жоғары колледжінің базасында ұйымдастырылды. Бағдарлама бірнеше пәндерден тұрды. Теориялық және практикалық сабақтарды біріктірген курс Петрға қатты ұнаған.  

- Мен оған алдын ала дайындалып, конкурстық іріктеуден өттім. Курстарға қатысушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды - тамақтану, басқа жақтан келгендер үшін жатын орын ұйымдастырылды. Бізге қойылған талап -  сабаққа қатысу еді. Мен 1000 ватт электр желісіне қол жеткізе отырып, "Электромонтажник" курсы бойынша базалық деңгейді аяқтағаным туралы сертификат алдым, - деді Петр Курасов. 

Қазіргі уақытта Петр Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің "Өнеркәсіптік энергетика" факультетінде  дуальді оқудан өтіп жатыр. Жас маман алған барлық білімдерін тәжірибе жүзінде   "Жайық" кен орнындағы ірі мұнай компаниясында қолданып жатыр.

- ТШО курстары менің ұлым үшін өте пайдалы болды, өйткені оқыту сауатты мамандардың тәлімгерлігімен өтті. Университетті бітіргеннен кейін ұлым еңбек нарығында жоғары білікті маман ретінде сұранысқа ие болатынына сенімдімін, - дейді студенттің анасы Ольга Курасова.  

Айта кетейік, Жұмыссыз азаматтарға арналған курстар "Теңізшевройл" ЖШС Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. 
Өткен жылы электромонтажшы, құбыр монтажшысы және металл конструкцияларын дәнекерлеуші мамандықтары бойынша 168 адам оқудан өтті. Биыл шамамен 125 адамды оқыту жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT