Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшы – ел экономикасының тірегі

Жұмысшы мамандығы – тек физикалық еңбек емес, ол – біліктілік пен тәжірибе, ұқыптылық пен шеберлікті талап ететін кәсіп. Жұмысшы болу – арланатын емес, мақтанатын іс. Себебі нағыз шебер – өз ісінің шын ұстасы, қоғамға пайдасын тигізуші азамат.

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі арқылы жастардың жұмысшы мамандығын меңгеруге деген қызығушылығы артып келеді. Мемлекет басшысы да бұл бағытты қолдап, колледждерде тегін оқу, дуальді оқыту жүйесін енгізіп, жұмысшы мәртебесін көтеруге күш салып отыр.

Болашақта еліміздің өркендеуі – білімді, еңбекқор, кәсіби мамандарға тікелей байланысты. Ал ондай мамандардың қатарында жұмысшы мамандығының орны ерекше.

Сәбит Халенов,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT