Желтоқсан айының аяғында Жамбыл ауылдық округінде жаңа мешіт пайдалануға берілді.
Мешіттің ашылу салтанатына арнайы келген Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты құттықтап, имандылық бағытында құнды пікірлер айтты. Айта кетсек, өткен жылдың маусым айында іргетасы қаланған мешіт «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары Әлібек Семғалиевтің демеушілігімен салынды. «Бөкен би» есімі берілген Алла үйінің құрылысы заман талабына сай безендіріліп, тұрғызылды. Құлшылық үйінде бір мезетте 300 адамға дейін намаз оқи алса, сондай-ақ әйелдер намаз залы мен имам бөлмесі бар. Қазіргі уақытта бүгінде мешіт жанынан имамға арналып қызметтік үй салынып жатыр. «Бөкен би» облыс бойынша 32-ші мешіт Ақ тілектер төгіліп, «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Атырау облысының Құрметті азаматы Нұрпейіс Мақашев және демеушінің әкесі Алтынбек Семғалиев құрылыс лентасын салтанатты түрде қиған соң, мешіт есігі жамағатқа айқара ашылды.
Бұдан кейін мешіттің ашылу құрметіне орай, жамағат арасында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, жұртшылыққа дұға дастарқаны жайылды.
Өз тілшіміз