Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаһандық прогреске жету жолы

Сурет: gov.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру ісіне, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында осы бағыттағы жетістіктерге баға берді. Әрбір азаматтың мәліметі сапалы түрде жүзеге асып қана қоймай, құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін сенімді жүйеге айналуы өте маңызды.

Әлем елдерінде жаппай цифр­ландыру үрдісі қарқынды жү­ріп жатыр. Шетелдерде тіпті бейнебақылаудың көмегімен азаматтардың бет-әлпетін оңай ажырата алады. Енді сол компью­тер­дің күшімен жасанды интеллект жобасы жүзеге асып жатыр. Демек технология, цифрлы жүйе, роботтехника күн санап жетіліп жатыр деген сөз.

Оны жасап жатқан – біз сияқ­ты жастар. Бірақ олар білімді, ғылыми негіздемеге сүйене отырып істейді. Сондықтан жастар ізденіп, білімдерін жетілдіріп, ғылымға көбірек ден қою арқылы жаңа технологияның көшіне ілесе алады. Себебі кемел білім мен ғылымсыз кез келген жетістікке жету қиын. Ақпараттық технологиялар дәуірінде бәсекеге қа­бі­летті болу үшін үздіксіз даму қажет. Жаңа идея­лар ұсынып, ғылыми жаңалықтар ашу біздің басты мақсатымыз болуға тиіс. Өйткені дамыған елдер инновация арқылы алға жылжып ке­ле­ді. Еліміз де осы бағытта қарқынды қадам басуы керек. Сол үшін жас­тар жаңа білім алуға ұм­тылып, шығармашылық ойлау қабілетін дамытқаны жөн. Тек осылай ғана біз әлемдік техно­ло­гиялық өрістен қалыс қал­май­мыз.

 

Баутан Есенкелді,

«Оңтүстік» телеарнасының тілшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT