Қазақстан - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішіндегі алғашқы мемлекет. Елімізде жемқорлыққа қарсы қабылданған жарлық пен бағдарлама, атқарылып жатқан жұмыс баршылық.
Соған қарамастан бұл мәселе әлі толық шешімін таппқан жоқ. Сыбайлас жемқорлық-үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады және саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отырғаны анық. Кеселді жою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына ықпал етеді. Егер сана қалыптасқан жағдайда, азаматтар адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Ол үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс.Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өз құқығын, өзіне қарсы қандай да бір құықққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін толық білуі қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық саласында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімнің болмауына байланысты, азаматтар парақорлық пен жемқорлықтың қатысущысы болып қалады.Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда ғана сыбайлас жемқорлыққа төтеп бере аламыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Індетпен күресте барлық адам заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зардабын жою, олардың алдын алу жалпыға ортақ міндет.Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс. Бүгінгідей еліміз экономикалық жаңару мен саяси демократияның жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрған кезеңде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны ескерту жұмысын ұйымдастыру өзекті мәселенің бірі. «Болашақта ұрпағымыз қандай мемлекетте өмір сүреді?» деген әрбір ел азаматын ойландыруы тиіс.
Жастар болашақта Қазақстанды парақорлық, сыбайлас жайлаған мемлекет ретінде емес, гүлденген, ілгері жылжыған мемлекет ретінде көргісі келеді. Сенімге негізделмеген қоғамда, мемлекетте даму болмайды. Ал аталмыш жегіқұрт ең әуелі адамдардың қоғамның демократиялық негіздеріне, заң мен әділдікке, билікке деген сенімдеріне селкеу түсірмей тұрмайды.Бұл тұтас қоғам ретінде дамуға түсау. Сондықтан мемлекет сыбайлас жемқорлықпен күресті өзінің басым бағытта саясаттарының бірі ретінде ұстанып келеді.Өйткені бұл кеселге қарсы қорған болып белсенділік танытып, қарсы тұруымыз қажет. Жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы Қазақстан Республикасының заңы демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауын кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл заңның мақсаты билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады. Барлық мемлекеттік орган мен лауазымды адам өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дерт. Бұған бәріміз атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Мемлекеттің әрбір азаматы Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын ақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.
Айнұр ЫСҚАҚ,
аудандық соттың бас маманы, сот отырысының хатшысы



