Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті, жаратылыстану ғылымдары факультетінде “Заң және тәртіп” аясында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: табиғатты қорғау мен тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара Ғылыми кеңес залында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Дөңгелек үстелге “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының өкілдері қатысып, табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен тәжірибелік ұсыныстармен бөлісті. Махметова Назерке – Ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда биоалуантүрлікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Маева Мейрамгүл – Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметі мен маңыздылығы туралы қызықты ақпараттармен бөлісті. Бейімбетова Гулмаржан – күзет инженері. Орман шаруашылығындағы ақаулықтарды жою, қорғау және алдын алу шаралары жайында маңызды тақырыптарды атап өтті. Дөңгелек үстел барысында студенттер белсенділік танытып, мазмұнды сұрақтар қойып, қонақтарға өздерінің алғыс пен жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын білдірді.Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызды алаңға айналды.



