Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тоқаев: Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшіп жатыр

фото: akorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Ресей — сапалы әрі мазмұнды стратегиялық әріптестік пен одақтастық құра алған елдер. Ресейдің «Российская газета» басылымына шыққан «Мәңгілік достық — халықтарымызға жол сілтер темірқазық» атты авторлық мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ой айтады. 

Мемлекет басшысы мұндай ынтымаққа екі халықтың қазіргідей турбулентті, болжап болмайтын кезеңді бірлесіп еңсеруге деген саналы ұмтылысы негіз болып тұрғанын айтады.

    — Басқаша айтқанда, мәңгілік достық — екі мемлекет пен оның халқы үшін темірқазық. Екі елдің қарым-қатынасы үнемі жетіліп келе жатқанымен, тұрақтылығымен ерекшеленеді. Өйткені байланыстарымыз терең сенімге, құрмет пен теңдікке негізделген. Халықтарымыздың болашағы алдындағы өзара жауапкершілік екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде тұрған бүкіл мәселелерінің шешімін табуға мүмкіндік береді. Менің түсінігімше, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігі мен одақтастығы еуразиялық қауіпсіздік жүйесін құрудың аса маңызды факторы болып отыр, — деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Астана мен Мәскеудің қарым-қатынасы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшіп жатқанын атап өтеді.

    — Екіжақты ынтымақтастықтың барша жетістіктері президент Владимир Владимирович Путиннің осы бағыттағы жігерлі, өнімді қызметімен тығыз байланысты. Қазақстанда ол жаһандық ауқымдағы мемлекет қайраткері ретінде қалтқысыз құрметке ие. Оның есімі әлемнің талай еліндегі саясаткерлер мен қарапайым адамдардың аузынан түспейді, — дейді Мемлекет басшысы. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT