Telegram, WhatsApp және басқа да мессенджерлерде абай болыңыз!
Егер танысыңыз кенеттен «Сіз» деп сөйлей бастаса, аты-жөніңізбен ресми түрде жаза бастаса, ақша сұраса 💸 немесе күмәнді сілтемелер жіберсе — бұл алаяқ болуы мүмкін!
📌 Не істеу керек?
🔒 Жеке деректеріңізді ешкімге жібермеңіз.
🚷 Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз.
📲 Басқа мессенджерге өтпес бұрын, адамның шын екенін нақты біліңіз.
🛡 Telegram-да – «Құпиялық» бөлімінен, WhatsApp-та – «Қол жеткізу кілттері» арқылы екі факторлы аутентификацияны іске қосыңыз.
🔐 Қосымша құпиясөз орнатыңыз.
Бұл ақпаратты туыстарыңызға және әріптестеріңізге хабарлаңыз!


