Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Теміржолшылар тасада қалмаса игі

Өткен жылдың 23-26 желтоқсан аралығында Сағыз ауылдық округінде болып, ондағы мекемелерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргіздік.

Себебі, аталмыш округ аудандағы ең үлкен округ болып есептелетіндіктен, баспасөзге жазылу жоспары басқа округтерге қарағанда, жоғары. Әйтсе де, бұл округте де баспасөзге жазылу мәз емес. Біз барғанда тіпті елу пайызға да жетпеген. Сондықтан, аталмыш округтегі білім беру ошақтары мен теміржол бойындағы мекемелерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдағанды жөн көрдік. Соның әсері болар, Сағыз ауылдық округіндегі баспасөзге жазылудың жалпы көрсеткіші 55 пайыздан асты.

Алайда, 7865 белсенді халық бар округ үшін бұл көрсеткіш өте төмен. Осы жерде айта кететініміз – жергілікті басшылар тарапынан теміржол саласындағы мекемелерге баспасөзге жазылу жоспары жіберілгенімен, кейіннен ол қадағаланбаған. Теміржол саласындағы мекемелердің басшыларымен сөйлескенімізде, басым көпшілігі «Бізге тікелей басшыларымыздан жазбаша түрде тапсырма келмегендіктен, ең әуелі өзіміздің саламыздың газетіне жазылуды ұйымдастырдық та, басқа басылымдарға жаздыруды ұйымдастыруды екінші кезекке ысырып қойғандығымыз рас» деген уәж айтты. Сол себепті, алдағы жергілікті басшылар тарапынан жиі-жиі теміржолшылар арасында саяси үгіт-насихат, түсіндіру, қоғамдық, мәдени шараларға белсенді түрде қатыстыру жұмыстары жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Біз бұл ұсынысымызды жаңадан тағайындалған Сағыз ауылдық округінің әкімі Өтепберген Адиловке айттық. Ол алдағы уақытта ескеретіндігін қаперге берді.

- Шыны керек, аудандық, облыстық басылымдарда теміржолшылардың рухын көтеретін материалдар жиі жарияланбайды. Қанша дегенмен әркім өзінің саласына қатысты тың жаңалықтарды оқығысы келетіні рас қой. Сондықтан, алдағы уақытта осы олқылықты толтыруға жұмыстансаңдар игі, - дейді №9 «Ақ жайық» белгі беру және байланыс дистанциясының аға электр механигі Қайырбек Сағынов.

Сайып келгенде, газет елдің көзі, үні һәм құлағы екендігі бұрыннан да айтылып жүр.

Ендеше, алпыс жылдан астам уақыт бойы ауданның айнасына айналып келе жатқан басылымға жаздыруды ұйымдастыруда белсенділік танытқан аудан басшыларына, Миялы, Жангелдин, Жамбыл ауылдық округтерінің әкімдеріне, №9 «Ақ жайық» белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымына, демеушілік танытып, жағдайы төмен отбасыларды газетке жаздыруға көмектескен жеке кәсіпкер Нәдір Қарабалин, Айбек Бақтығалиев, Теңелбай Досжанов, Октябрь Нұрадинов, Кенжеғали Қанаев, Алдияр Арыстанғалиев, Абат Нұраев, Алшын Омаров, Серік Мұқанов, Қуаныш Сәрсенов, Айбек Ержанов, «Нұрай» шаруа қожалығының төрағасы Мұңайтпас Ғұмаров, «Арай» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Панағожин, «Тілеуке» шаруа қожалығының төрағасы Бекзат Шарниязов, «Жандос» шаруа қожалығының төрағасы Теміржан Кубанов, Өмір Ізмұхамбетов, аудандық мәслихат депутаты Сайлаубек Темірғалиев, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматтары Құлмағанбет Қоданов, Мұрат Сарманов, ардагер теміржолшы Аман Ізбанұлы, газеттің тұрақты авторы Сайран Орақоваларға, сондай-ақ, Ақболат Құсанов пен Рауан Сабыров сынды азаматтарға аудан айнасының оқырмандарын көбейтуге атсалысқандары үүшін шексіз алғысымызды айта отырып, «Игілікті істеріңіз Алладан қайтсын» деп тілек білдіреміз.

Егер «жазылуға ұмытып кеттім» дейтін оқырмандар болса, әлі де кеш емес. Әр айдың жиырмасына дейін жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиеді. Әрдайым, өздеріңіздің төл газеттеріңіз сенімді серіктеріңізге айналсын, қадірлі оқырман!

Бауыржан СИСЕНОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT