Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза Қазақстан» акциясының үздіктеріне құрмет

Жақында облыс орталығында «Таза Қазақстан: табиғатқа тағзым – үздіктерге алғыс» атты салтанатты шара ұйымдастырылған болатын. Мақсаты – «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында орман алқаптарын тазарту, өзен-көлдерді қалпына келтіру, ағаш отырғызу, экологиялық  тазалықты сақтауға  үлесін қосып жүргендерге құрмет көрсету.

Олар өздерінің күнделікті  шаруасымен ғана айналысып қоймай, тынымсыз еңбегімен қала, ауылдарымызды  көркейтуде. Осындай азаматтарымыздың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қимылдаған ұйымшылдығы нәтижесінде «Таза Қазақстан» акциясы  өңірімізде  өз деңгейінде жалғасуда. Солардың қатарында жас та болса бас болып жүрген жерлесіміз Сәбитов Рашид Сәбитұлы барын мақтанышпен айта аламыз. Рашид өзінің жеке кәсіпкерлігі арқылы біршама жерді көгалдандыру жұмыстарына зор үлес қосты. Қолынан келген шаруаны  аянып қалмай атқарды. Туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін сөзбен емес, ісімен көрсетті.

Салтанатты шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев «Таза ауа – жанға дауа» дегендей, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акцияның  қоршаған орта тазалығын  сақтап, өңірімізді абаттандыру  ел болашағы, кейінгі жас ұрпақтың дені сау болуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Осы іске үлес қосып жүргендерге шынайы ризашылығын жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары  Қайрат Нұртаевтың Алғыс хатымен 15 адам марапатталса олардың қатарында жеке кәсіпкер, «Магистральдық  су ағызғысы» Қиғаш бас су сорғы стансасының маманы  Рашид Сәбитов те бар. Рашид сияқты жастардың қатары арта түссін, алға қарай да еңбегі  еленіп, мерейі  үстем бола берсін деген тілек білдіреміз.

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT