Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Бізге керегі – заң мен тәртіп» атты QR-викторина өтті

27 қараша күні облыстық балалар кітапханасында оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Бізге керегі – заң мен тәртіп» атты QR-викторина ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балалардың жауапкершілік сезімін дамыту, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және заңға деген құрметті нығайту.

Іс-шараға Атырау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Дюсеғалиева Ботакөз Мақсотқызы арнайы шақырылды. Қонақ оқырмандарға заңның қоғамдағы негізгі рөлі, тәртіптің маңыздылығы, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіздік мәдениеті туралы кеңінен әңгімелеп, бейнеролик пен слайд түрінде қосымша материалдар ұсынып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі мазмұнды жауаптар алды.

Шара барысында кітапханашы Ж. Молдашева «Заңды білу – заман талабы» атты арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, оқырмандарға құқықтық әдебиеттер жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар қатысушылар үшін QR-кодтар арқылы ұсынылған сұрақтарға жауап беретін «QR-викторина» ойыны өткізілді. Оқушылар викторинаға белсенді түрде қатысып, өз білімдерін сынап көрді.

Осындай шаралар жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы тәртіп пен заңдылыққа деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT