Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Талап мықты болса, тазалық та болады

«Тазалық табалдырықтан басталады» деген жақсы сөз бар. Осы сөздің түпкі мағынасына үңілер болсақ, адам баласының саулығына тікелей әсері бар тазалықты біз бар істің басына қоюымыз керек деп ойлаймын.

Үйімізде де, өзіміз оқитын мектебімізде де біз бір сәт тазалықты естен шығармауымыз қажет. Сонда ғана барлық бала, барлық адам тазалықты сүйер болса, ол үшін еңбектенер болса, айналамыз да , қоршаған орта да сәнденіп, тап-таза болар еді. Мені қынжылтатыны, ауылдастарымыздың өзі қоршаған ортаны таза ұстап, оған қамқор болуға аса құштар емес. Көше бойы қоқысқа тола болса, оны өзінен емес, өзгеден көруге әуес. Қарапайым үйден шыққан қатты қалдықтардың өзін шығаруға арнайы талаптың осалдығынан көшеміз қоқысқа көміледі де жатады. Мен қазір 10-сыныпта оқимын. Болашақта еліме қызмет етіп, қоғамда «кірпіш болып» қалануыма еш кедергі жоқ деп есептеймін. Осы ретте оқу жылының басында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек» деген сөзі жадымнан шығар емес. Шынында да, болашақта еліміздің біздер үшін, бізден кейінгілер үшін де гүлденген , көркейген ел болу үшін Президентіміз атап өткендей, «қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет» сонда ғана қазақ халқының бойына сіңген жақсы қасиеттер қатарынан тазалық та табылар еді. Мен әлі де болса, тазалық үшін талаптың қатайғанын қалаймын.

Жанерке ЕСЕНҚОС,

10-сынып оқушысы. # «Сөз маржан» Collaboration Fest

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT