Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шетелдік сарапшылар Қазақстан Президентінің Жолдауын жоғары бағалап жатыр

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен болатын.

Содан бері қазақстандықтармен қатар шетелдік сарапшылар да Жолдауға қатысты пікірлерін білдіріп жатыр. Мәселен, француз саясаткері Паскаль Лоро Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын үлкен қызығушылықпен танысып шыққанын айта келе былай деп пікірін білдірді.

«Саяси өмірді реформалау басым бағыт болуы керек. Парламент рөлін күшейту, ашық сайлау арқылы азаматтық қоғам пікірін білдіру кеңістігін кеңейту қажет. Үкімет құрамы қандай болса да ол Парламент алдында жауапты болуы керек. Елде елеулі саяси эволюция болмай Қазақстан халықаралық аренада орнықты мемлекет ретінде көріне алмайтыны түсінікті. Сайып келгенде, саяси режимді қайта құрылымдау және азаматтық қоғамға қосымша еркіндік беру қатар жүрмейінше, экономикалық даму мақсатына қол жеткізу қиын. Бұл реформалар іске асып жатыр. Бұл Президент Тоқаевтың негізгі бағыты. Біз оны тек құптап, осы бағыттар бойынша қолдау көрсете аламыз», - деді француз саясаткері.

Ал Италияның Еуразия-Жерорта теңіз аймағын зерттеулер орталығының сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Стефано Верноле Қазақстан Президентінің Жолдауынан ел үшін жаға бағдар белгілеуге шынайы әрі нақты ұмтылыс бар екенін алға тартады. Сонымен қатар ол реформалар процесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси деңгейде жүруі тиістігін айтады.

«Қазақстанның басымдығы – ұлттық мүддеге негізделген көпвекторлы сыртқы саясатының сабақтастығы. Дәл осы жайт салыстырмалы түрде алып қарағанда батыс пен еуразиялық блоктар арасындағы «жаңа қырғи-қабақ соғысқа» араласқан көптеген елдің алдында басымдық береді. Қазақстан барлық мемлекетпен жақсы қарым-қатынас басымдығын пайдалана отырып, Ресеймен де, Қытаймен де бизнесін жалғастыруға ынталы еуропалық және америкалық ойыншылар үшін еуразиялық көпірге айнала алады», - деді Стефано Верноле.

Австралияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Дуглас Таунсенд Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік басына келгеннен бері пандемия, мемлекеттік төңкеріс әрекеті және Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты өңірлік салдар сынды үш сын-қатермен бетпе-бет келгенін айтады.

«2022 жылғы қаңтар оқиғасы билік элитасының кейбір өкілдері өзгерістерді тым күрт орын алды деп санайтынын, ал кей азаматтар оларды әлі де жеткіліксіз деп есептейтінін көрсетіп берді. Сондықтан да Президент ахуалдың күрделі әрі маңызды реформалардың мұнан ары тоқырауға ұшырауы мүмкін екенін ескере отырып, ағымдағы жағдайға ашық сараптама жасауға, қаңтар оқиғасына нақты баға беруге баса назар аударды», - деді ол.

«Caspian Policy Center» сараптамалық орталығының атқарушы директоры Эфган Нифти Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы бойы Америка Құрама Штаттарының сенімді серіктесі болғанын және АҚШ қазақ елінің саяси, экономикалық әрі әлеуметтік дамуына мүдделік танытатынын айтады. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда жария еткен жолдауындағы реформалар топтамасы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің кең спекторын қамтиды. Қазақстанның осы жылдың қаңтар айының басындағы қайғылы оқиғаларға қарамастан құрылымдық реформаларды жалғастыруға табандылық танытып отырғанын қолдаймыз. Аталған реформалар топтамасындағы көптеген өзгерістердің арасында саяси партия құру процесін жеңілдету, сайланған Парламентке жаңа өкілеттік беру, Президенттің жақын туған-туыстарының саяси лауазымға тағайындалуына тыйым салу бар. Сонымен қатар мажоритарлық-пропорционалды сайлау жүйесіне көшудің де маңызы зор. Реформалардың жаңа топтамасы Қазақстанның достары мен серіктестерінен қолдау табуы тиіс ұзақ күткен қадам саналады. Жалпы, Қазақстанның гүлденуі әрі тұрақтылығы елдің өзіне ғана емес, бүкіл үлкен Каспий өңіріне де пайда әкеледі», - деді америкалық сарапшы.

«Демократиялық қозғалыс – Біртұтас Грузия» партиясының көшбасшысы Нино Бурджанадзе Қазақстан Президенті Жолдауында адал және әділ «ойын ережелерін» қалыптастыруға, сондай-ақ өмірдің барлық салаларында фаворитизм мен монополияны жоюға бағытталған биліктің қажетті саяси трансформациясы туралы айтылғанына назар аудартады. Сонымен қатар мұның Қазақстан жағдайында ғана емес, жалпы басқа посткеңестік елдерде де өзекті және келешегі зор екенін айтады.

«Оған қоса, қазір елге түбегейлі реформалар қажет екеніне нық сенемін. Сонымен қатар, қазір халыққа назарды басқа жаққа аудартатын идеялар мен уәделер емес, «Жаңа Қазақстанды», қуатты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет құру үшін нақты өзгерістер қажет екенімен келісемін», - деді Нино Бурджанадзе. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT