Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда Бауыржан Халиолланың шығармашылық кеші өтті

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын *Бауыржан Халиолланың* шығармашылық кеші өтті.

*«Ағымнан ақтарылсам...»* атты әдеби кеш поэзия мен терең сырға толы болды. Кеш барысында ақын өз өлеңдерін оқып, көрерменмен ашық сұхбат құрды. Шараға зиялы қауым өкілдері, жастар мен оқырмандары қатысты. Тыңдарманға рухани азық сыйлаған кеште ақынның шығармашылығына арналған музыкалық қойылымдар да ұсынылды. Бұл кеш атыраулықтар үшін ерекше әсерлі әдеби кештердің бірі болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT