Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұйымдастыруымен студенттер арасында мазмұнды пікірсайыс өтті.
Пікірсайыс барысында өзекті екі тақырып талқыланды:
🔹 «Ойын бизнесін толық тыйым салу арқылы лудоманияны жоюға бола ма?»
🔹 Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері Студенттер заңнамалық тетіктер, әлеуметтік факторлар және қоғамның жауапкершілігі жөнінде өз ойларын ортаға салып, дәлелдермен пікір алмасты. Іс-шараға Көптілді білім беру факультетінің кафедралары да белсенді қатысты. Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға ықпал етеді.



