Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұйымдардың есептілік тәртібін сақтауын бақылауды жалғастырып келеді.
Биыл бірқатар мекеменің «Қаржылық есептілік депозитарийі» ақпараттық жүйесіне жылдық қаржылық есептерін уақтылы енгізбегені анықталған. Тексеру нәтижесінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 239 және 250-баптарына сәйкес 30 жария мүдделі ұйымға қатысты барлығы 43 әкімшілік іс қозғалған. Құжатты мерзімінде тапсыру тәртібін бұзғаны үшін аталған ұйымдарға жалпы көлемі 15 млн. 482 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған. Департамент мамандарының айтуынша, қаржылық есептілікті уақытында ұсыну - ұйымның ашықтығын қамтамасыз ететін, қаржы тәртібін нығайтатын маңызды талаптардың бірі. Сондықтан бұл бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Өз тілшіміз



