Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыста биыл 353,1 шақырым автомобиль жолы пайдалануға беріледі

Жыл аяғына дейін өңірде 353,1 шақырым автомобиль жолы пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 78%-ға артады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының 0-80 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарынан қалған 6,5 шақырымы биыл аяқталып, толықтай пайдалануға береміз. Ұзындығы 18 шақырым «Миялы-Ойыл» 50 шақырымдық Тайсойған ауылына кірме жол күрделі жөндеуден, 7 шақырымдық Индербор кентіне кірме жолды орташа жөндеу жұмыстары да биыл бітеді. Сонымен қатар, «Құрманғазы-Приморье-Утеры-Котяевка» автомобиль жолының 0-29 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары мен облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолының 117-164 шақырымы аралығын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Махамбетте 33,1, Мақатта 8,8, Құрманғазыда 26, Исатайда 5,4, Индерде 7,3, Қызылқоғада 10,6, Жылыойда 51,5, aл Атырау қаласында 52,9 шақырым жол төселеді, – деді Ә.Мұханбеталиев.

Анықтама үшін: Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 6 533,6 шақырым. Оның ішінде: - республикалық-1125,6; -облыстық – 838; -қала жолдары- 1634,9; -аудандық -1089; - ауданішілік – 1846,1 шақырым. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT