2008-2011 жылдары Қызылқоға ауданының 20 елді мекеніне алғашқы көгілдір отын тартылды (86%).
Облыстық энергетика басқармасынан білгеніміздей, басқарма тарапынан газ құбыры жүргізілмеген 6 шағын елді мекенге 2024 жылы көгілдір отын тартылып, 100%-ды қамтылған. Осы Соркөл, Сарқұмақ, Кенбай, Қоңыраулы, Тасқұдық, Былқылдақты елді мекен тұрғындары (118 үй) көгілдір отынның игілігін көруде. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер - «Газстрой» ЖШС. Жүргізілген газ құбырының ұзындығы 122 шақырымды құрайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ