Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құлсарыда тазалық мәселесі қатаң бақылауға алынды

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында қаламызда санитарлық тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Кезекті рейдтік бақылауға қала әкімі Қадіржан Адинов қатысып, қаламыздың бірқатар аумақтарындағы жағдаймен жеке танысты.

Рейд барысында көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің айналасы, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығы, қоқыстың белгіленбеген орындарға тасталуы, сондай-ақ құрылыс материалдарының тұрғын үйлер маңында заңсыз сақталуы жан-жақты тексеріліп, нәтижесінде кейбір тұрғындардың санитарлық талаптарға әлі де болса немқұрайлы қарайтыны белгілі болды. Атап айтқанда, қаламызда қоқыстың бей-берекет тасталуы мен аумақтың уақытылы тазаланбауы фактілері жиі кездеседі. Бақылау жұмыстарының нәтижесінде санитарлық тазалық талаптарды бұзған 201 тұрғын үй иесіне ескерту жасалды. Сонымен қатар ескертулерді елемеген азаматтарға заң талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қолданылды. Қала басшысы атап өткендей, тазалық мәселесі тек бақылау мен айыппұл салумен ғана шектелмеуі тиіс және бұл ең алдымен тұрғындардың сана-сезімі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. «Қаланың бүгінгі келбеті мен ертеңгі көркі әрбір тұрғынның тазалыққа деген көзқарасына байланысты. Әр азамат өзіне іргелес 5 метр аумақты таза ұстауға міндетті. Бұл заңмен бекітілген міндет. Қоқысты кез келген жерге тастауға, құрылыс материалдарын көшелер мен тұрғын үйлердің маңында сақтауға қатаң тыйым салынған. Мұндай заң бұзушылықтарға бұдан былай бейжай қаралмайды. Тазалық тәртіптің, тәртіп мәдениеттің айнасы-деді қала әкімі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, санитарлық талаптарды алғаш рет бұзған жағдайда жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК (129 750 теңге), орта кәсіпкерлікке 40 АЕК (173 000 теңге), ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (432 500 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген. Ал егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі айтарлықтай артады. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға 30 АЕК (129 750 теңге), шағын кәсіпкерлікке 40 АЕК (173 000 теңге), орта кәсіпкерлікке 50 АЕК (216 250 теңге), ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК, яғни 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT