Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КЕЗ-КЕЛГЕН ЕҢБЕК – ҚАДІРЛІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс.

Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келг ь ен еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сап , алы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы» деген болатын. Осы орайда мемлекетіміздің өз алдына дербес ел болып, 50 елдің қатарына ену жолындағы дамуына сүбелі үлесін қосқан, оның ішінде ауданымыздың 80 жылдық тарихы аясында елеулі еңбек сіңірген ардагерлеріміз марапатталып, бірқатары «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленді.

Міне, бұл – ел үшін жасалған адал еңбектің жемісі. «Еңбек – ер атандырар» демекші, еңбек адамына мем-лекет та¬рапынан мәртебе бе묬㳬леп, көтермелеу маңызды. Бұл адамдарды сенімділікке, жеке белсенділікке, мақсаттар мен о鬬лардың бірлігі арқылы тұ¬¬рақтылық пен үйле¬сім¬ді-лікті қам¬тамасыз етуге ат¬са¬лы¬¬суға үндейді. Қବзір¬гі тарихтың ең қиын сәт¬т嬬рін¬де өзімізді және мем¬л嬬кет¬ті¬¬лі¬гімізді сақтау үшін бо¬йы¬мызға жақсы қасиет¬тер¬ді, құн¬дылықтарды қалып¬тас¬ты¬¬¬рамыз. Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды.

Айжан АҚСЕРЕНОВА,

ауыл шаруашылық саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521