Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын — Мемлекет басшысы

 Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауы кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

— Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүниежүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл — жаман емес. Осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ, қазір алдымызда тұрған міндет басқа. Бұл — өңдеу саласына көбірек қаражат тарту, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарау керек екенін атап өтті.

— Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бизнестің бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет, — деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, Жолдаудың онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасында жүріп жатыр.

Kazinform сайты тікелей эфирмен қатар, жазбаша трансляция да жасайды.

Сондай-ақ Жолдау мәтінін агенттіктің телеграм арнасынан оқуға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT