Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы: жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер анықталды

Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 11 мамыр күні Атырау қаласы, Досмұхамедов көшесіндегі №11 мектеп тұсында маркасы Hyundai Elantra автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің иісі сезілуіне байланысты сараптамаға жеткізіліп, жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас күйде екені анықталды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, іс әкімшілік мамандандырылған сотқа жолданды.

Сонымен қатар, Сәтбаев және Неграсов көшелерінің қиылысында маркасы Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осыған орай, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес хаттама жасақталып, іс сотқа жіберілді.

Сондай-ақ, Жұмыскер мөлтек ауданындағы 20-көше бойында «Қорғау» жүйесі арқылы маркасы Nissan Quest шетелдік автокөлігінің қала аумағында төленбеген 19 айыппұлы бары анықталды. Осыған байланысты автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Құрметті жүргізушілер! Сіздерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда абай болуларыңызды сұраймыз. Ережені сақтау — қауіпсіздіктің кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT