banner_damu

Иранда локдаун енгізілді

Иран астанасы мен оның маңайындағы 6 провинцияда күндізгі мезгілге локдаун енгізілді.

Бұл шешімді қабылдауға коронавирус жұқтырғандар санының еселеп артуы себеп. Ресми мәлімет бойынша елде соңғы күндері 28 мыңдай науқас тіркелген. Карантин кезінде аймақта барлық сауда орталықтары, спортзалдар, театрлар мен басқа нысандар жабық тұрады. Тек дүкендер мен дәріханалар ғана жұмыс істейді.

– Коронавирусқа қатысты үрейден біраз арылған сияқтымыз. Адамдар індетке көп мән бермейтін болып алды. Тұрмыс тауқыметін де жоққа шығара алмаймыз. Нәпақа табу үшін адамдар жұмысқа баруға мәжбүр. Елде вакциналау науқаны баяу жүріп жатыр. Вакцина жетіспегендіктен тұрғындар тегін екпе салып жатқан Арменияға ағылуда. Өткен айда 9 мыңға жуық ирандық көрші елге барған. Вакциналау орталықтарында ұзын сонар кезек қалыптасқан. Келушілер қатары көбеюіне байланысты билік туроператорларды вакциналық туризмді жандандыруға шақырып отыр.

Альфред Кочарян, Арменияның туризм комитеті басшысының м.а.: – Мамырда Ираннан 5 мың адам келсе, маусымда олардың саны 9 мыңға жетті. Әрине індет туризмді дамыту үшін жақсы себеп емес, бірақ туроператорларды қазіргі жағдайды тиімді пайдаланып, вакциналауды бағдарламасына қосып алса деймін.

stopcoronavirus.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика