Президент Жолдауында айтылған жасанды интеллектіні түрлі салаларға енгізу бастамасы – еліміздің дамуындағы маңызды қадам.
Білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте бұл технологияны қолдану тиімділікті арттырып қана қоймай, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға жол ашады. Әсіресе медицинада жасанды интеллект ауруларды ерте анықтап, емдеу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы халықтың уақытын үнемдеп, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Бұл – заманауи, тиімді және азаматқа бағытталған жаңа Қазақстанның айқын көрінісі.
Айнұр ТӨЛЕУ,
психолог


