Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Елдің болашағын айқындайтын маңызды шешім

сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Жасанды интелектке көшу қазіргі заманның ең өзекті мәселесіне екеніне тоқталған еді. Шынында да, жасанды интеллект пен цифрландыру бүгінде бүкіл әлемді өзгертіп жатқан жаһандық құбылысқа айналды. Бұл тек технологиялық даму емес, сонымен қатар қоғамның ойлау жүйесі мен өмір салтының түбегейлі трансформациясы.

Қазақстанның үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы – батыл да стратегиялық мақсат. Бұл бастама мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-қимылын, білім мен инновацияға басымдық беруді талап етеді. Әсіресе, жастар осы үдерістің қозғаушы күші болуы керек.

Цифрлық сауаттылықты арттыру, жасанды интеллектті игеру және оны өмірдің барлық саласына енгізу – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор. Сондықтан Президент ұсынған бұл бағыт – елдің болашағын айқындайтын маңызды шешім.

Рита Омар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT