Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бақыт Сұлтанов Алматыда сауданы дамыту және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бақыт Сұлтанов Алматыда сауданы дамыту және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

2022 жылғы 16 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматы әкімдігінде сауда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тәртіпсіздік кезеңінде бизнес субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Қазіргі кезде Алматы Қазақстанның ең ірі сауда және мәдени орталығы болып табылады. ҚР-да тіркелген кәсіпорындардың үштен бір бөлігі осы қалада орналасқан.

«Сауда Алматы экономикасының негізгі саласы болып табылады. 2021 жылы бөлшек сауданың өсуі 13,5%, көлемі – 4 трлн 212 млрд теңгені құрады. ҚР-ның бөлшек сауда көлеміндегі Алматының бөлшек сауда үлесі 31,5% құрайды», – деді Бақыт Сұлтанов.

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қаңтардағы оқиғалар жекелеген бизнес субъектілерінің, әсіресе, сауда саласындағы жұмысына теріс әсер етті. Бүгінгі таңда үкіметтік комиссия зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу тетігін бекітті, оған бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылады. Алматы қаласының өңірлік комиссиясы қолданыстағы тетікке өзгерістер енгізуді ұсынды. Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдегендей, шығынның барлық санаттары үшін 10 млн теңгеге дейінгі төлем сомасымен жеңілдетілген есеп бойынша залалды өтеуді жүзеге асыру, сондай-ақ «жабдық» санаты үшін жеңілдетілген тетікті қолдану және адвокаттардың қызметтеріне ақы төлеуді өтеу ұсынылды.

«Бұл өтінімдерді қарау мерзімін 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартуға және бизнеске келтірілген шығынды өтеу рәсімін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды «Айналымдағы» қарыздар аясында ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен көкөніс, ет өнімдері, жұмыртқа және бакалея бағаларын белгілеу үшін 11 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, әлеуметтік нан, сүт өнімдері мен күнбағыс майының ірі өндірушілеріне қарыз бөлу пысықталуда.

Бұдан басқа, қала әкімдігінде Премьер-Министрдің орынбасарына баяндалғандай, қазіргі кезде әкімдік жеңілдікпен қаржыландыру және уақытша сақтау қоймаларын салу үшін қала шегінде жер телімдерін бөлу арқылы шағын хабтар құру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл үй жанындағы дүкендердің алыпсатарларға тәуелділігін төмендетуге, шағын сауда нүктелерінің иелерін ірі көтерме сауда базарларында өз бетінше сауда-саттық жасау қажеттігінен құтқаруға мүмкіндік береді. Бұл тұтастай алғанда шағын ішкі дүкендердегі баға деңгейіне оң әсер етуі керек.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақыт Сұлтанов Алматы әкімдігіне және ҚР СИМ-нің Сауда комитетіне бағаларды мониторингтеу және талдау бойынша жұмысты жалғастыруды, ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру аясында «айналым сызбасын» ұлғайту бойынша шаралар қабылдауды, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық сызбаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін жандандыруды, сондай-ақ зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсету және өтемақы төлеу жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT