Атырау қаласында 66 ардақты ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов табыстады.
- Көпбалалы аналар – елдің берекесі мен болашағы. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен мейірімдеріңіз ұлттың дамуына қосқан баға жетпес үлес. Мемлекет сіздердің әл-ауқаттарыңызды жақсарту үшін бар мүмкіндікті жасауда. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, перзенттеріңіздің қызығына кенеле беріңіздер! - деді Н.Ермұханов.
Бұл марапат – аналардың елдің демографиялық дамуына қосқан үлесінің, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегінің айқын көрінісі.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ