Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
29 қаңтар күні Теңіз, Дамба, Балық шаруашылығы бөлімдерінің қызметкерлері Каспий теңізі оң жақ, сол жақ жағалауларына, балық қорын қорғау мақсатында инспекцияға бекітілген бес квадрациклды пайдалана отырып, Каспий теңізіне заңсыз браконьерлікпен айналысып жүрген мотоциклдердің ізімен барып, бақылау, қадағалау іс-шараларын жүргізді. Сағат 12:30-18:00 аралығында оң жақ жағалаудан 54 иесіз ау құралы шығарылды. Осы иесіз ау құралдарынан 14 бекіре тұқымдас бекіре, қортпа, пілмай балықтарының шабақтары тірі күйінде кері суға жіберілді. Сонымен қатар, иесіз ау құралдарынан 69 кг қара балық алынып, «Тлекші» мекемесіне тапсырылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ