Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда жұмыссыз азаматтар төрт мамандық бойынша тегін оқытылуда

Атырау облысында 104 жұмыссыз еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша оқытылып жатыр. Жобаны жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Теңізшевройл" компаниясымен бірлесіп компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі бағдарлама бойынша іске асыруда.

Биыл білікті кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту екі ағымда ұйымдастырылды: біріншісі 1 шілдеде, екіншісі 16 қыркүйекте басталды. Қазіргі уақытта курс қатысушылары өндірістік практикадан өтіп жатыр. Оқыту төрт пән бойынша өтеді. Жұмыссыздар төрт кәсіптің бірін - металл конструкциясын дәнекерлеуші, электрмонтажшы, монтаждаушы, құбыр монтажшысы мамандықтарын меңгеруда. Оқу мерзімі 2 - 2,5 ай.

⁃ Үміткерлер пәнді өз қалауы бойынша таңдайды және олардың оқу қабілеттерін бағалайтын тест тапсыруы керек. Алдын ала тестілеу әр қатысушының базалық білім деңгейін анықтауға бағытталған 15 теориялық сұрақтан тұрады, - деді нұсқаушы топтың жетекшісі БАУЫРЖАН ҚАЛИДУЛЛИН.

Бағдарламаның негізгі мақсаты еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін мамандарды даярлау үшін тиімді платформа құру болып табылады.

⁃ Жұмыссыз болғаннан кейін мансап орталығына барып, ол жерден қайта даярлау курстары туралы біліп шықтым. Бұл жерде таңдалған мамандықтардың бірі бойынша мамандық алуға болады екен. Оның ішінде электр монтаждау, құбыр монтаждау, дәнекерлеу және автоматтандыру мамандықтары бар. Мен электромонтажшы мамандығын таңдадым. Себебі бұл мамандық бүгінде көптеген салаларда сұранысқа ие, - дейді курс қатысушы Нұрбек Нұрмұханов.

Бүгінгі таңда өңірде 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан білім беру жобасының 12 ағыны ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде 1200 азамат қайта даярлау бойынша тегін курстардан өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT