Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда енгізілген коменданттық сағатқа орай, күнделікті рейд жүргізілуде

«8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Атырауда түнгі мезгілде жұмыс істеп тұрған үш азық-түлік дүкенінің жұмысы тоқтатылды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дүкендерге ауызша ескерту беріліп, елімізде жарияланған төтенше жағдай, коменданттық уақыт кезіндегі бизнес нысандарының жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді. Рейд барысында түнгі 23.00-ден кейін жұмысын жалғастырған кафе, мейрамхана, клубтар анықталған жоқ.

Еске сала кетелік, Атырауда 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін сағат 23.00 мен 7.00 аралығында коменданттық сағат енгізілді. Бұл аралықта мобильдік топ күнделікті рейд жүргізуде. Рейд барысында мейрамхана, диско-бар, азық-түлік дүкендері, алкомаркеттер жұмысымен бірге, автокөліктер тексерілуде. Атап өту керек, төтенше жағдай кезінде алкогольді ішімдіктердің барлық түрін сатуға тыйым салынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521