Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысының 2025 жылғы қаңтар–маусымындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2025 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында өңірлердің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында облыс әкімі Серік Шәпкенов баяндады. 2025 жылғы қаңтар–маусымда Атырау облысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өскені байқалады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор индексі 109,8%-ды құрады, бұл экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы көрсетеді. Жалпы өңірлік өнім 3,4 трлн теңгені құрады(2025 жылғы қаңтар-наурыз), нақты көлем индексі – 102,1%. Өңірдің елдің ішкі жалпы өніміндегі үлесі 11%-ға жетті. Негізгі көрсеткіштер:

• Көлік және қоймалау – 21,1% өсім.

• Тау-кен өндіру өнеркәсібі – 15,7% өсім. • Жалпы өнеркәсіп – 14,2% өсім • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 10,5% өсім.

• Тұрғын үй құрылысы – 8,4% өсім.

• Көтерме және бөлшек сауда – 5,1% өсім Есепті кезеңде мұнай өндіру көлемі 18,9%-ға өсіп, 31 млн тоннаны құрады. Ілеспе мұнай газының өндірісі 6,3%-ға артып, 15 млрд текше метрден асты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 39 млрд теңгені құрады (10,5% өсім), оның ішінде:

• Мал шаруашылығы – 37,1 млрд теңге (10,8% өсім) • Егін шаруашылығы – 827,9 млн теңге (15,1% өсім) 257,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 108,4% құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестиция — 656 млрд теңге (НКИ – 68%), бұл 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 32%-ға төмен. Осы кезеңдегі құрылыс жұмыстарының көлемі — 246 млрд теңге (НКИ – 62,7%), бұл былтырғыдан 139 млрд теңгеге аз. Инвестициялық белсенділіктің де, құрылыс көлемінің төмендеуіне де басты себеп – Болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыру жұмыстарының аяқталуы. Бұл жобаға 2024 жылғы қаңтар–маусымда 479 млрд теңге инвестиция салынған, ал биыл мұндай ауқымды салымдар мен жұмыстар болған жоқ. Соған қарамастан, экономиканың басқа салаларына тартылған инвестициялардың есебінен салымдар 656 млрд теңгеге жетіп, 44%-ға өскен(2024 жылмен салыстырғанда +202 млрд теңге). Өңірде іске асырылып жатқан ірі жобалар:

•Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы (“GPC Investment” ЖШС),

•⁠ ⁠Бутадиен және оның туындыларын шығаратын зауыт (“Бутадиен» ЖШС),

• Этан жеткізуге арналған газ бөлу қондырғысын орнату («KMG Petrochem» ЖШС),

• Полиэтилен өндірісі («Силлено» ЖШС). 2025 жылы жалпы сомасы 97,2 млрд теңгелік 21 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Бұл жобалар аясында 1 268 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде 18,8 млрд теңгеге 3 жоба іске қосылды. Жыл аяғына дейін өңірге 1,6 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT