Мұқыр ауылдық округінде ағымдағы жылдың 22 қараша күні “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған шара ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, тұрмыс қалдықтарын азайту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Тазалық жұмыстарына 1 мусоровоз техникасы жұмылдырылып, жалпы саны 20 адам белсенді түрде атсалысты. Нәтижесінде ауыл аумағынан 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, арнайы полигонға жеткізілді.
Сенбілік барысында ауыл ішілік көшелер, жаяу жүргіншілер жолдары, арықтар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, шөп-шаламдар алынды. Тұрғындар да өз аулаларының маңын тазалап, ортақ іске үлес қосты.
Кәмшат Әбіш


