Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатына тікелей әсер ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан оның алдын алу – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Бүгінде елімізде жемқорлыққа қарсы жүйелі шаралар қабылдануда. Мемлекеттік қызмет көрсету процестері цифрландырылып, ашықтық артып келеді. Түрлі мекемелерде тәуекелдерді талдау жүргізіліп, жемқорлыққа ықпал ететін факторлар анықталуда. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптарды сақтауына ерекше көңіл бөлінуде.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық бақылаудың рөлі зор. Азаматтардың белсенділігі, ашықтыққа деген талабы және жемқорлық фактілерін хабарлаудағы жауапкершілігі мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыра түседі. Бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар да осы бағытта үлкен үлес қосып келеді.
Жастар арасында адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – болашақта жемқорлықсыз қоғам құрудың негізгі қадамдарының бірі.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – барлық азаматтың белсенді қатысуын талап ететін маңызды жұмыс. Әрбір адамның адалдықты басты қағидаға айналдыруы ғана еліміздің дамуына серпін беріп, әділ әрі ашық қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Саламат САПАШ,
Сағыз ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы


