Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл еңбеккерлеріне қолдау – ел ертеңіне инвестиция

Ауыл еңбеккерлерінің табанды тірлігі – өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды тетік Жұмысшы мамандықтар жылының жариялануы – дәл осындай еңбек адамдарын қолдауға бағытталған маңызды қадам. 

Жуырда Есбол ауылдық округіндегі ауыл шаруашылығы бағытында атқарылып жатқан 62 гектар жерді қамтитын “Абдолла” шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысқан Индер ауданының әкімі Серік Нысанбаев бұл саланың дамуына әрдайым жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
«Биыл мемлекеттен жер телімін және қаржылық қолдау алып, өз ісін бастаған бұл қожалықтың қазіргі қарқыны қуантады.

Шаруашылықтың бір бөлігінде көкөніс және бақша өнімдері егілген. Қауын, қарбыз, қияр, қызанақ, жүгері, асқабақ, қызылша, сәбіз, қырыққабат сияқты өнімдер жайқалып өсіп тұр. Маусымдық жұмыстар да белсенді түрде жүріп жатыр. Мұның бәрі – адал еңбек пен кәсібиліктің нақты жемісі.

Мемлекет тарапынан берілген жерді тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығын дамыту жолында алғашқы қадамын нық басқан осындай шаруаларды Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолдау – біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби шеберлік жоғары бағалануы тиіс. Сондықтан дәл осы жылы ауыл еңбеккерлерінің еңбегін айрықша атап, қолдан келгенше қолдауға әзірміз», деді ол өзінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі осы сапар туралы жарияланымында.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT